National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловты қабылдады

2012 жылғы 26 қараша

 

Кездесуде білімді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес берілген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды. Сонымен қатар, ғылыми-ағарту саласын дамытудың жай-күйі мен келешегі де сөз болды.

Б.Жұмағұлов білім саласын қаржыландыру екі жыл ішінде екі есе артқанына тоқталып өтті.

- Он жыл ішінде балабақшалар саны жеті есе артты, балаларды мектепке дейінгі білім мекемесімен қамту 70 пайызға жетті, апатты мектептер саны 20 пайызға азайды. Елімізде осы кезеңде 906 мектеп салынды. Тағы да 400 мектеп құрылысы жоспарланған. Осылайша, біз 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу үшін жағдай жасап жатырмыз, - деді Б.Жұмағұлов.

Министр бүгінде ғылыммен айналысатын жастар саны 18 мың адамға жеткенін айтып өтті. Тек соңғы екі жарым жылда 3000-ға жуық жас ғалым ғылым саласына келді. Олардың арасында отандық және шетелдік оқу орындарының түлектері бар. Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарының 57 пайызы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Бұдан бөлек, отандық оқу орындары Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әсіресе, онлайн оқытуды енгізу бөлігіндегі тәжірибелерін белсенді қолданып келеді.   

Университеттер санын оңтайландыру жоспарлы түрде жүргізілуде. Бүгінде олардың саны 149-дан 139-ға қысқарды.

- Жоғары оқу орындарының санын қысқарту механикалық үдеріске айналмауы тиіс. Осы орайда барлық өлшемдер, соның ішінде оқыту сапасы, ғылыми-зерттеу жұмысы ескерілуі керек. Кейбір жекеменшік жоғары оқу орындарында қажетті база, білікті оқытушылардың тиісті құрамы мен сапалы білім беретін өзге де маңызды жағдайлар жоқ, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бүгінде мектептің және өзге білім беру мекемелерінің материалдық базасы толық жасақталғанын атап көрсетті. Барлық білім беру жобалары толық көлемде қаржыландырылуда.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада болашақта өтетін «EXPO-2017» бүкіләлемдік көрменің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбына тікелей қатысы бар инновациялық технологияны дамыту қажеттігіне тоқталды.

- «Жасыл экономика» - ең алдымен, инновация. Болашақтағы дамуымыз соған негізделетін болады. Егер экологиялық тұрғыда бәрі сәтті болатын болса, онда жаңа технология да дамитын болады, - деді Мемлекет басшысы. 

Қазақстан Президенті кездесудің қорытындысы бойынша білім алып жүрген жастар арасында тәрбие жұмыстарын күшейту қажеттігіне назар аударды және бірқатар нақты тапсырмалар берді.    


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің