National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қобыз сарайы» көп салалы концерт залында болды

2012 жылғы 29 маусым

Бірегей мәдениет нысаны қазақтың ұлттық фольклорлық музыкасын насихаттау, шетелдік және қазақстандық туристерді тарту мақсатында жеке инвестордың өзінің және несиеге алған қаражатына салынған.

340 орынға арналған көрермен залы қазақ үй үлгісінде жасалған. Оның акустикасы Жапония мамандары тарапынан жобаланып, әзірленген.

Жобаның бірегейлігі - дауыстың және аспап үнінің залдың кез келген бөлігінен микрофонның көмегінсіз анық естілуінде.

Сонымен қатар, кешенді кинозал, конференция залы ретінде, сондай-ақ түрлі мәдени-көпшілік және өзге де шараларды өткізу үшін пайдалануға болады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің