National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельді Еуропалық кеңес төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады

2019 жылғы 20 шілде

Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге Еуропалық кеңес төрағасы лауазымына сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

«Бүгінде біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз тың серпін алды. Еуропалық кеңес Қазақстанның негізгі саяси және сауда серіктесі болып қала береді. Серіктестікті кеңейту және ынтымақтастық жөніндегі келісім, сондай-ақ, Еуропалық кеңестің Орталық Азия бойынша жаңартылған Стратегиясы тығыз қатынастарымыздың жаңа кезеңіне және өңірдің орнықты дамып, өсіп өркендеуіне кең жол ашады, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельдің қызметіне табыс тілеп, Нұр-Сұлтан мен Брюссель арасында көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге сенім білдірді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің