Жаңалықтар

3 қазан 2005
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Грузияға ресми сапары жалғасуда.

231.jpg

Бүгін Тбилисиде өткен кездесу барысында Қазақстан мен Грузия Президенттері екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму болашағын талқылады, сондай-ақ өзара мүдделестік туғызатын халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

 
- Қазақстан өзінің Грузиямен байланысында нақты экономикалық мүдделерді көздейді. Біз бірқатар экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша келісімге келдік. Атап айтқанда транзиттік-көліктік әлеуетті пайдалану, Грузиядағы жекешелендіру процесіне қазақстандық бизнестің қатысуы, Қара теңізде демалыс және туризм нысандарын құруға қатысты мәселелер, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Әбішұлы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында.

 
- Қазақстан айрықша таңқаларлық даму деңгейіне қол жеткізді және баршамыз үшін өркендеу мен игілікті істердің үлгісін көрсетіп отыр. Қазақстанның нақ осылай дамуы – өңірдегі барлық елдердің өрлеуіне мүмкіндік туғызады. Біз Қазақстаннан көп нәрсені үйренудеміз. Біздің елдерімізді экономикалық салада көптеген мүдделер тоғыстырады, - деп атап өтті Михаил Саакашвили.

Келіссөздер нәтижесінде бірлескен Коммюнике қабылданды. Бірлескен Коммюникенің толық мәтінін қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар