Жаңалықтар

6 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Санкт-Петербург қаласында өткен «Орталық Азиялық Ынтымақтастығы» ұйымының мүшелері - Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

177.jpg

Мемлекет басшылары ОАЫҰ құрылғалы бері көптеген бағыттар бойынша едәуір жұмыстар еңсерілгенін атап өтті. Сондай-ақ СПИД-ке қарсы бірлескен күрес туралы тұжырымдама мақұлданып, аталған жобаны басқаратын органдар жасақталды.

Мемлекет басшылары құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл деңгейіне жоғары баға беріп, оларды  ынтымақтастықты жандандыра түсуге шақырды.

 

ОАЫҰ мен ЕурАзЭҚ-ты біріктіру туралы шешім осы отырыстың маңызы зор нәтижесі болды.

 

- «Орталық Азиялық Ынтымақтастығы» игілікті қызмет үлгісін көрсетті, алайда ЕурАзЭҚ пен ОАЫҰ-ның мақсат-мүдделері толықтай сәйкес келетіндіктен де осындай шешім қабылданды. Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі интеграциялық бірігулер жаңаша сипатқа ие болып келеді. Мен бұл шешімді дұрыс деп санаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар