Жаңалықтар

19 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Грузия Парламентінің Төрайымы Нино Бурджанадземен кездесті.

Грузия Парламентінің спикері Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен және лауазымына ресми кірісуімен құттықтады.

Кездесуде сауда және энергетика салаларындағы ынтымақтастық, қазақстандық компаниялардың Грузиядағы инвестициялық қызметтері жөніндегі мәселелер талқыланды.

-Мен бүгін сіздерің елордаларыңызға қадам басқаныма өте қуаныштымын. Қазақстанның мемлекеттілігі мен ел экономикасын дамытуда қаншалықты секіріс жасалғанын білу үшін айналаға бір қараудың өзі жеткілікті. Соңғы бір жарым жыл ішінде Қазақстанмен біздің арамызда өте тығыз саяси және экономикалық қарым-қатынас қалыптасты және бұл Грузияның дамуы үшін аса маңызды. Қазақ инвестициялары біздің экономикаға салынуы үшін біз экономикалық ахуалды жақсартуға дайынбыз,-деді Н.Бурджанадзе журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар