Жаңалықтар

18 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты.
132.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарына Қазақстанның әлемнің  бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекетінің қатарына кіру Стратегиясының негізгі ережелерімен таныстырды. Аталған Стратегия жаңа Үкімет жұмысының тұғырнамасына айналуы тиіс.

 

Үкіметтің алдына қойылған міндеттерге сәйкес Мемлекет басшысы Парламентке Премьер-Министр лауазымына Даниал Ахметовтің кандидатурасын ұсынып, ол Мәжіліс және Сенат депутаттарымен бірауыздан мақұлданды. Президент сондай-ақ осыған дейін Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарып келген Кәрім Мәсімов Премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалатынын атап өтті.

 

-Бір жағынан орасан тәжірибе мен прагматизм, екінші жағынан қазіргі заманғы әлемдік экономиканың беталысын білуі осы қос серіктесті алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда қуатты етпек,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Мемлекет басшысы минстрлер кабинетінің бұрынғы құрамының табыстарына тоқталып, «үкіметтің жүргізіп келе жатқан жұмыстары өз жалғасын тауып, алдарына қойған міндеттерді жүзеге асыруы тиіс. Министрліктер мен басқа да атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыру керек. Министрліктердің әлемдік экономикалық кеңістікпен көбірек жұмыс істеулеріне тура келеді және де олар халықаралық талаптарға сай болуы тиіс».

Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінің толық мәтінін қараңыздар.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар