Жаңалықтар

13 қазан 2005
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондализа Райспен кездесуі өтті.

173.jpg

174.jpg

Кездесулер аса нәтижелі өтті және бұл біздің елдеріміздің арасындағы тәуелсіздік жылдарында орныққан жоғары деңгейлі өзара түсіністік пен сенімді айғақтайды,– деді журналистерге арналған брифингте Қазақстан Президенті.

 
Біз экономикалық дамудың кең ауқымды мәселелері жөнінде, Қазақстанның тұтастай осы өңірде атқаратын рөлі және көрші елдермен ынтымақтастығы туралы әңгімелестік,– деп атап өтті К. Райс.

 
Тараптар өзара мүдделестік, ашық үнқатысу мен экономикалық және саяси байланыстарды  нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты түрлі салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың ілгерішілдікпен дамып келе жатқанына қанағаттанғандық білдіргендерін атап көрсетті. Кездесуде өңірлік саясат пен Қазақстанның осы процестегі рөлі төңірегінде ауқымды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы бірлескен іс-қимыл мен халықаралық қарым-қатынастардың көкейтесті мәселелері талқыланды.

 
Біз Ирактағы қазақстандық бөлімше жөнінде сөз қозғадық. Бұл біздің қауіпсіздік саласы мен лаңкестерге қарсы бірлескен күресіміздің жоғары деңгейлі ынтымақтастығын айқындайды,– деп атап өтті АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы.

 
Ол сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне және «аталған ұйымның кіруге үміткерлерге қойылған талаптарын орындауда» қолдау көрсететілетінін мәлімдеді.  
 
Сондай-ақ екі жақ қазақстандық қоғамды демократияландыру жолдары мен алдағы президенттік сайлау туралы кең ауқымда пікір алмасты.

 
- Мен бізде осы мәселелер бойынша толық өзара түсіністік қалыптасқан деп ойлаймын. Мен Орталық сайлау комиссиясының барлық саяси күштерді, саяси партияларды барлық үгіт-насихаттарын заң шеңберінде, заң бұзушылықсыз, қоғамды тұрақсыздандырусыз өткізуге шақырған мәлімдемесін қолдаймын.

Екі жақ сөз бостандығы қоғамды демократияландырудың бір бөлігі ретіндегі мәселелерді талқылады.

 

- Біз сөз бостандығын қолдаймыз, бірақ жалақорлық пен жалған ақпаратқа қарсымыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

- Қазақстанда қазір Орталық Азиядағы демократияландыру процесінде көшбасы болуға мүмкіндік бар. Президент айтып өткендей, ОСК тиісті мәлімдеме жасады. Біз мұны сайлауды еркін әрі әділ өткізуге жасалған оң қадам ретінде қарастырамыз. Біз Қазақстанға осы сайлауды өткізуде табыс тілейміз, - деп атап өтті К.Райс журналистерге.

 

Сондай-ақ ол біздің елдің күрделі өңірде орналасқанына қарамастан, Қазақстан өз көршілерімен бірге осы өңірді дамытудың берік негізі мен діңгегіне айналады деген үміт бар екенін жеткізді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар