Ішкі саясат бөлімі

Ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ішкі саясат бөлімі қызметінің негізгі міндеттері:

1. Бөлімнің құзыреті шегінде Президенттің ішкі сая­сат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;

  • мемлекеттің  ішкі саясатын, оның ішінде мемлекеттік ақпарат және жастар саясатын, азаматтық қоғам мен адам құқықтарын қорғауды дамыту салаларындағы саясатты, конфессиялар арасындағы қарым-қатынастарды, білім, қоғамдық-гуманитарлық ғылым саласындағы, денсаулық сақтау (қаржылық-экономикалық мәселелерді қоспағанда), демография, мәдениет, тіл саясаты мен спорт саласындағы саясатты қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • елдегі ішкі саяси тұрақтылықты, сондай-ақ конфессияаралық қатынастар мәселелерінде қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу;
  • Президентті елдегі әлеуметтік-саяси ахуалдың дамуы туралы хабардар етіп отыру;
  • Елбасының және Әкімшілік басшылығының азаматтық қоғам институттарымен, сонымен қатар саяси партиялармен, діни және қоғамдық бірлестіктермен, қорлармен, өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  • Президенттің қызметін, сондай-ақ оның қатысуымен өтетін іс-шараларды Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің және басқада құрылатын консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеу, олардың қызметі туралы есеп берулерді дайындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ шешімдерінің орындалуын бақылау;
  • мемлекеттік рәміздер жөніндегі, шетелдерде кадрлар дайындау жөніндегі, Тұңғыш Президенттің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі, Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі, Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі республикалық комиссиялардың отырыстарына материалдар дайындауға қатысу.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің өзге өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;

  • елдегі ахуал және Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі бағыттары туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының Бөлім құзыретіне жатқызылған бөлігін дайындауға қатысу;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында Президенттің жүргізіп отырған ішкі саясатын түсіндіруді ұйымдастыру.

Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

НЫҒЫМЕТОВ Ғани Сақтағанұлы

 


 
 Құрылымдық бөлімшелер