Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі қызметінің негізгі міндеттері:

1. Президенттің құқықтық саясат саласындағы өкілеттіктерін Парламенттегі заң шығару үдерісінің барлық сатыларында іске асырылуын қамтамасыз ету;

2. Президенттің Парламентке қатысты  өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету;

3.  Президенттің өзге де өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету.


Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан

Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің басшысы

ИСАБАЕВ Бейбіт Өксікбайұлы

 

Исабаев фото 1.jpgАлматы облысында 1962 жылы 4 желтоқсанда туған.

1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

1985-1987 жылдары - Қазақ КСР Телевизиия және радиохабары мемлекеттік комитетінде редактор.

1987-1991 жылдары - «Лениншіл жас» республикалық газетінде тілші, бөлім меңгерушісі.

1991-1994 жылдары - «Өркен»- «Горизонт» газеті редакторының орынбасары, редакторы.

1994 жылы - Қазақ мемлекеттік телевизиясының бас директоры.

1994 жылы - Алматы қаласы әкімшілігінде әкімнің орынбасары.

1994-1995 жылдары - Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат комитетінің төрағасы.

1995-1997 жылдары - Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы СІМ Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы.

1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының СІМ Кадрлар және бақылау департаментінің директоры.

2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі.

2002 жылы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі - Қазақстанның Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымының ұлттық үйлестірушісі.

2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы.

2008 жылы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы.

2009-2015 жылдары - Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2015-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019 жылғы 19 шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігінің басшысы болып тағайындалды.

Төтенше және Өкілетті Елшісі дипломатиялық дәрежесі бар.

Ағылшын тілін меңгерген.

Үйленген, 3 баласы бар.

 

 
 Құрылымдық бөлімшелер