Мемлекеттік хатшының хатшылығы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының хатшылығы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Хатшылық қызметінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының қызметін қамтамасыз ету.

  1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін үйлестіру бойынша Мемлекеттік хатшының қызметін қамтамасыз ету;  
  2. елдегі және әлемдегі аса маңызды оқиғалар туралы Мемлекеттік хатшының қызметін ақпараттық сараптамалық қамтамасыз ету;
  3. Мемлекеттік хатшының баяндамаларына, сөйлейтін сөздеріне, сұхбаттарына, жарияланымдарына материалдар дайындау;
  4. Мемлекеттік хатшының қатысуымен өтетін отырыстарды, кеңестерді және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру;
  5. Мемлекеттік хатшының жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы мен олардың өтініштерін қарауын ұйымдастыру;
  6. Мемлекеттік хатшының тапсырмалары мен өкімдерінің уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  7. Мемлекеттік хатшының құзыреті шегінде Президенттің актілерін әзірлеуді ұйымдастыру және әзірлеуге қатысу;
  8. Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік хатшының және Әкімшілік басшылығының тапсырмалары бойынша өзге де функцияларды орындау.

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі

КИМ Евгений Германович

 


 
 Құрылымдық бөлімшелер