National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Әкімшіліктің  миссиясы Президенттің қызметін  ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшіліктің негізгі міндеттері:

1) Президенттің мына салалардағы:

  • сыртқы саясаты;
  • әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
  • қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
  • құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
  • кадр саясаты;
  • Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі -Парламент);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі -Үкімет) және орталық атқарушы органдарға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;
  • соттар мен судьяларға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
  • жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
  • өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының  (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

3)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын  өзге де міндеттер болып табылады.

Жүктеу: «Әкімшілік туралы ереже»

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2023–2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2023–2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 574, қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2023–2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар) осы бұйрыққа 1– 4-қосымшаларға сәйкес қайта бекітілсін.

2..«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2023–2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 23-42-3.3.3 бұйрығының күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Д.А.Керімрай бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы үшін жауапты болып белгіленсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Кеңсесінің бастығы                                                           Б.Сариев

 

 

Бұйрыққа №1 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №2 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №3 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №4 қосымшаны мына жерден қараңыз


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 12 шілде

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

2023 жылғы 21 қыркүйек

Президент Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 16 қыркүйек

Ж.Н. Шаймарданов туралы