Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Баспасөз қызметінің міндеттері мыналар болып табылады:
1. Президенттің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету;
- Президенттің шетелдерге сапарларын, жұмыс сапарларын және қатысуымен өтетін басқа да іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатымен дайындауға және өткізуге қатысу;
- Президенттің қатысуымен өтетін іс-шараларға аккредиттелген журналистердің жұмысын ұйымдық қамтамасыз ету;
- Президенттің отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастыру;
- Президенттің және оның қатысуымен өтетін іс-шаралардың кәсіби және сапалы фото және бейнетүсірілімдерін қамтамасыз ету;
2. Президенттің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді имидждік қолдау;
- Президенттің ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби редакциялау;
- Президенттің қызметі, оның ішінде ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымын түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау;
3. Президенттің қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді коммуникативтік қолдау;
- Президенттің www.akorda.kz ресми веб-сайтына жаңалықтар хабарларын, ақпараттық материалдарды, баспа, аудио-, фото- және бейнеөнімдерді әзірлеу, редакциялау және орналастыру;
- Президенттің қызметі және оның қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы БАҚ-ты ақпараттық материалдармен хабардар және қамтамасыз ету;
- «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жұмысын Президенттің қатысуымен өтетін іс-шараның телевизиялық түсірілімін ұйымдастыру, Телерадиокешеннің тақырыптық жоспарын келісу, Президенттің қызметі туралы бейнеөнімдер өндіру, шығару және тарату процесі, сондай-ақ Президенттің қызметі жөніндегі бейнематериалдарды сараптаудан өткізу және мемлекеттік сақтауға беруге дайындау тұрғысынан үйлестіру және бақылау;
- Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру жөніндегі қоғамдық комиссияның құрамы және жұмысын ұйымдастыру;