Жаңалықтар

15 тамыз 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында І.Омаров атындағы облыстық Қазақ драма театрында болды

Қазақстан Президенті еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстар өнерге жаппай қызығушылық туғызатынына тоқталды, сондай-ақ қазақстандық мәдениеттің жоғары деңгейін атап өтті.

Қазақстан Президенті еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстар өнерге жаппай қызығушылық туғызатынына тоқталды, сондай-ақ қазақстандық мәдениеттің жоғары деңгейін атап өтті.

Драма театрының жаңа ғимаратында қажетті бөлмелер қарастырылған: грим жасайтын 10 бөлме, дайындық жасайтын зал және өзге де техникалық бөлмелер бар. Кәсіби дыбыстық, жарық жабдықтары, ілеспе аударма аппараттары және сахнаға бейнебақылау орнатылған. Сондай-ақ жаттығу залы мен қысқы бақ бар.           

Театрдың құрылысы 2010 жылғы қыркүйекте басталып, биыл қаңтарда аяқталған. Онда 276 орындық үлкен зал және 50 орындық кіші зал бар.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары