Жаңалықтар

15 тамыз 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қостанай ауданындағы «Шеминовка» ЖШС ауыл шаруашылық жерлерін аралады

Серіктестік қызметінің негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады.

Серіктестік қызметінің негізгі бағыты өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру болып табылады.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылық өнімдерімен және Қостанай облысында агроөнеркәсіп кешені саласында іске асырылатын инвестициялық жобалармен танысты.

- Біз 2012 жылы 13 миллион тонна астық жинап алуды көздеп отырмыз. Біздің сауда серіктестеріміздің талабын қанағаттандыру үшін, өткен жылғы рекордтық өнім алғанымызды ескерсек, экспорттық әлеуетіміз жеткілікті болып табылады. Біз ауыл шаруашылығына әрдайым зор көмек көрсетіп келдік және алда да көмектесетін боламыз, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылық өнімдерін жаңа технология бойынша өндіруге ерекше назар аударуға шақырды, сондай-ақ мал шаруашылығында заманауи технологияны қолданудағы оң тәжірибені агроөнеркәсіп кешенінің өзге саласына ауыстыру қажеттігін атап көрсетті.     

Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов Қазақстан Президентіне өңірде астық жинау науқанын іске асыру барысы туралы баяндады.  

«Шеминовка» ЖШС 2011 жылы астықтың өнімділігін гектарына 30 центнерге арттырды, ал мал шаруашылығында 2012 жылдың 7 айында 1 666 тонна сүт және 156 тонна ет өндірілді. Кәсіпорында жұмыс істейтіндер саны 195 адамды құрайды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары